Алматы облысында қаржы пирамидасы әшкереленді

Жедел түсірілім
Жедел түсірілім

Ұйым азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында тұрғындарды 21 миллиард теңгеге алдап, ақшасын жымқырған қаржы пирамидасы әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұйым азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөлікті пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынған. Алайда компанияның міндетін толық орындамағаны дәлелденді. Уәде етілген мүлік көбіне ұйымдастырушылардың туыстары мен жақындарына үлестірілгені белгілі болды. Қаржы пирамидасына 8 мыңнан астам азамат тартылған. Компания негізінен жарнама, талдау, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығын болжау секілді қызметтермен бүркеніп,  жалған келісімшарттар жасаған. Заңға қайшы әрекеттерімен табыс тапқандар Астана қаласынан пәтерлер мен жеке үйлер, сондай-ақ қымбат автокөліктер сатып алған. Сот шешімімен заңсыз ұйымның барлық мүлкі мен шотына бұғат қойылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 28 мыңнан астам адам банкрот атанды

Новости партнеров