Соттан тыс банкрот деп тану - табысы мен мүлкі жоқ азаматтарға арналған, қарыздар жай ғана кешіріледі
Қазақстанда 28 мыңнан аса адам банкрот деп танылды. Мемлекет 147 миллиард теңгеден астам қарызды кешірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттық туралы заң күшіне енді. Ол азаматтардың төлеуге шамасы келмейтін қарыздардан ресми түрде құтылуға мүмкіндік береді. Үш түрлі рәсім қарастырылған:
Соттан тыс банкрот деп тану - табысы мен мүлкі жоқ азаматтарға арналған, қарыздар жай ғана кешіріледі. Сот арқылы банкрот деп тану кезінде мүлік сатылуы мүмкін, ал қалған қарыз кешіріледі. Төлем қабілетін қалпына келтіру – тұрақты табысы барлар үшін балама жол: қарызды белгілі бір мерзімде өтеп, мәртебесін сақтайды.
2025 жылғы мамырдың аяғына қарай 28 400 қазақстандық мемлекеттік кірістер органдары арқылы банкрот деп танылған, ал 196 адам – сот арқылы. Жалпы кешірілген қарыз сомасы – 147,1 миллиард теңге.
Тағы 103 азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолын таңдаған. Соның ішінде сегізінің төлем кестесі бекітілген.
Қазақстандықтар банкрот деп тану рәсімін жиі қолдана бастады. 2024 жылы барлығы 83 057 өтініш түскен болса, 2025 жылдың алғашқы бес айында – 77 106 өтініш берілген.
2024 жылғы 20 тамыздан бастап рәсімдерді қолжетімді еткен маңызды өзгерістер күшіне енді:
Қазір Парламентте жаңа өзгерістер қаралып жатыр, олар 2025 жылдың аяғына дейін қабылдануы мүмкін:
Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың өліміне қатысты үкім қашан шығады