Алматы облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды

24.06.2026 16:36

Қайғылы жағдай кеше Алматы – Шелек – Қорғас тас жолында болған

Алматы облысында көлік апаты болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қайғылы жағдай кеше Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 132-шақырымында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, Хавал көлігін мінген азамат қарсы жолаққа шығып кетіп, Аудимен соқтығысқан. Салдарынан ондағы 2 жолаушы мен жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Ал Хавал көлігіндегі азамат қамауға алынып, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Оқи отырыңыз: Өртеніп кеткен: Алматы облысында полиция қызметкерінің денесі табылды