Денені әуелі мал іздеп жүрген шопан байқап, полицияға хабарлапты
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртеніп кеткен денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Ер адамның мәйіті Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан шамамен 400 метр қашықтықта жатқан. Денені әуелі мал іздеп жүрген шопан байқап, полицияға хабарлапты.
Ал жаға ұстатарлық жайтқа күдікті ретінде марқұмның әйелі мен 14 жастағы баласы ұсталған. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр.
«Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 23-маусымда полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды», – деді Алматы облысы Полиция департаменті.
Оқи отырыңыз: Полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды