Алматы облысында мұз ойылып, жасөспірім суға батып кетті
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қалған үш жасөспірімді балықшы құтқарып үлгерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жұқа мұздың ойылып кетуі салдарынан болғанү
"Оқиға орнына ТЖМ және ҚР РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жетті. Анықталғандай, төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда суға түсіп кеткен. Куәгер балықшы ойланбастан үш жасөспірімді судан шығарған. Өкінішке қарай, төртіншісін құтқара алмады. Оның денесін ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері судан шығарып, полиция қызметкерлеріне берді", - делінген хабарламада.
ТЖМ тағы бір мәрте ескертеді:
- балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз;
- жұқа мұзға шықпаңыз;
- су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.
- Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында бір отбасының төрт адамы іздестіріліп жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20