Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті

28.07.2025 09:29

Құтқарушылар  оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем көлігіне жеткізді

ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары парапланмен құла кеткен қызды эвакуациялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең шатқалында 1985 жылы туған әйел парапланмен ұшып бара жатып құлап кеткен.  ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні 500 метр қашықтықта күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем көлігіне жеткізді", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа оқу жылының демалыс кестесі бекітілді