"Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су ағызып жатыр
ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында табиғи өртті сөндіруде, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, яғни 3 тамызда Алматы облысының 112 ТЖД пультіне Алматы облысының Қарасай ауданында, таулы жерлерде, Долан ауылының маңында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі тіркелгені туралы хабарлама келіп түскен.
«Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды», - делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су ағызып жатыр.
Өртті сөндіруді таулы аймақпен, кіреберіс жолдардың жоқтығы, биік шөп және бұталардың болуы қиындатып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау ережесі өзгеруі мүмкін