Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

16.05.2025 08:40

Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды

polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді.

Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 13 учаскеде сел жүруі мүмкін