Алматы облысында жетім қызды зорлаған 8 жігіттің екеуі ұсталды

Қалған күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 9-сынып оқушысын екі ай бойы зорлап келген 8 күдіктінің екеуі қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ағаңа айтам деген сылтауды желеу етіп, өз еркімнен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деп шағымданған 15 жастағы қыздың шағымы бойынша 19 наурызда қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұлғалар анықталып, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қалған күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Барлық тараптардың уәждері мұқият тексерілуде. Жәбірленушіге қандай да бір қысым немесе қауіп-қатер көрсетілмеген. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс облыс орталығының тергеу бөлімшелерінің өндірісіне берілді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

Оқи отырыіыз: Қарындасымның арын таптағандарға кешірім жоқ: жетім қызды зорлаған 8 жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Новости партнеров