Алматы облысында жедел жәрдем көлігі қағып кеткен тұрғын көз жұмды

13.06.2025 21:37

Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды

Аlmaty.tv

Алматы облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 11 маусымда Hyundai H 350 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 75 шақырымда жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апатында алған жарақаттарынан ол жан тапсырды.

– Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицияда қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза тапты