Алматы облысында жоғалған тікұшақ табылмады
Almaty.tv
Бортта үш адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Сорбұлақ су қоймасы маңында жоғалған тікұшақ әлі табылмады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, EC-145 маркалы әуе көлігіндегі экипаж мүшелерін іздеу-құтқару операциясы күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Іздестіруге 400-ге жуық маман, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы мен 10 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Айта кетейік, тікұшақ 25 шілдеде Жамбыл облысындағы Луговой елдімекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланыстан ажыраған. Бортта үш адам болған. Қазір іздеу аумағы кеңейтіліп, жұмыстар бірнеше бағытта қатар жүргізіліп жатыр.
Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткенін еске салайық.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05