Күдікті ретінде марқұмның туысы ұсталды
Алматы облысы Шалқар ауылынан із-түзсіз жоғалған 26 жастағы жігіттің денесі табылды. Тергеу барысында белгілі болғаны, Іле ауданының тұрғыны 13 қазанда өз үйінде өлтірілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жоғалып кеткен жігіттің пышақталған денесі кеше Қарасай ауданына қарасты елдімекеннің шыға берісіндегі алаңнан анықталыпты. Оның пышақ жарақатынан көз жұмғаны мәлім болды.
Күдікті ретінде марқұмның 22 жастағы туысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 22 жастағы күдіктіні «ізін суытпай» ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Мәди Мұсаханов.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 5 адам газдан уланып қайтыс болған