Түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды
Жамбыл ауданындағы "Алматы-Бішкек" автожолының 76 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv
Көліктердің соқтығысуынан 1 жолаушы қарсы бағыттағы темір тұлпардың дөңгелегінің астында қалып, тіл тартпай кетті.
Полиция ақпарынша, рөлге ие бола алмай қалған Nissan жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ағашқа барып соғылған. 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Nissan жеңіл автокөлігі артқы сол жақ дөңгелегі жарылған. Себебі дөңгелекті ескі протекторын жаңа қалпына келтіріліп дәнекерленген. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құрметті жүргізушілер, дөңгелекті таңдаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететітін, лицензиясы бар, арнайы автодүкендерден сатып алуды сұраймыз, – деді Полиция департаментінің ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.
Оқи отырыңыз: БҚО-да шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам сотталды