Алматы облысындағы асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр

17.04.2026 21:29

Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында 3 бірдей асфальт-бетон зауыты бар

Алматы облысындағы асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр. Жұмыс сапасын бақылау жол-құрылыс маусымына дайындықты пысықтау үшін қолға алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында 3 бірдей асфальт-бетон зауыты бар. Жалпы өндірістік қуаты тәулігіне 250-300 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорында 30-дан астам маман жұмыс істейді. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, бастысы сан емес, сапа. Сондықтан өнеркәсіп аумағында өнім құрамын тексеретін зертхана іске қосылған. Онда 8 маман қызмет атқарады.

«Біз іріктеу кезеңінже алдымен сынама алып, актісін толтырамыз. Құжаттар рәсімделгеннен кейін материалды зертханаға жеткізіп, кептіреміз және сынақтан өткіземіз», – деді  зауыт зертханасының басшысы Дәурен Тантақов.

Сондай-ақ облыстағы 19 кәсіпорынның шамамен жартысы өндірумен қатар, жол төсеумен айналысады. Сондықтан, сапасы жоғары, материалы мықты өнім шығару өздері үшін де маңызды екен.

«Біз енді тікелей ҚазАвтоЖолмен жұмыс істейміз, республикалық маңызы бар Қаскелең – Күрті бағытында мамыр айында жөндеу жұмысын бастаймыз», – деді зауыт шебері Нұрлан Жаныбаев.

Зауыттарды тексеру жұмысын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары жүргізеді. Жыл сайын атқарылатын бұл шаруа Көлік министрлігінің тікелей бақылауында болады.

«Біз енді тікелей ҚазАвтоЖолмен жұмыс істейміз, республикалық маңызы бар Қаскелең – Күрті бағытында мамыр айында жөндеу жұмысын бастаймыз», – деді зауыт шебері Нұрлан Жаныбаев.

Зауыттарды тексеру жұмысын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары жүргізеді. Жыл сайын атқарылатын бұл шаруа Көлік министрлігінің тікелей бақылауында болады.

«12 зауытта зертхана бар, өздері тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ал қалған зауыттар біздің мекемемен келісімшартқа отырады. Материалдардың қоспасын тексеріп береміз», – деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары қазір облыстағы 16 кәсіпорынды тексеріп үлгерген. Ал қалған үшеуінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік,  республика бойынша 440 асфальт-бетон зауыты жұмыс істейді. Бүгінде оның 52-сі тексеруден өтіпті.

Гүлмарал Изатқызы, Самат Медетұлы, Алматы облысынан

Оқи отырыңыз: Есіл өзені арнасынан асты: Петропавлда төтеншеліктері күшейтілген жұмыс режиміне көшті