311 ауылда 4G желісі тұрақты жұмыс істейді
Алматы облысында интернет қолжетімділігі артып келеді. Бүгінде 368 ауылдың 349-ы, яғни 94 пайыз кең жолақты интернетке қосылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал тұрғындардың 99,9 пайызы тұрақты желіге қосылу мүмкіндігіне ие.
Бұл — ауылдық аумақтардың өмір сапасын арттыратын маңызды қадам. Интернет бүгінде білім алудың, бизнес жүргізудің және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің негізгі құралына айналды.
261 елдімекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды.
311 ауылда 4G желісі тұрақты жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Оқырман санын көбейтеміз: жалған ақпарат таратқан 3 жеткіншек ұсталды