Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 09.10.2025 жылы Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.
Биыл Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).
Оқи отырыңыз: Таразда көпқабатты үй тұрғындары жылусыз отыр



 

Новости партнеров