Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауын сұрады
Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автомобиль жолының 213-234 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv
Жоба шеңберінде қолданыстағы жол жамылғысы жер төсеміне дейін бұзылып, оның орнына жаңа жол конструкциясы салынатын болады.
Күрделі жөндеу жұмыстары барысында:
"Құрылыс кезеңінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір бөліктерде реверсивті қозғалыс енгізіледі. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы уақытша жол белгілері, жол таңбалары мен сигналды реттеушілері арқылы реттелетін болады", — деп хабарлады компаниядан.
Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауын сұрады.
Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, өңірдің көлік инфрақұрылымы жақсарып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы және қауіпсіз қозғалыс жағдайлары қамтамасыз етіледі.
Оқи отырыңыз: Президент тапсырмасы: бес жылда 18 млн көшет отырғызылды