Алдын ала ақпарат бойынша, 32 жастағы Nissan Teana көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Beiben жүк көлігімен соқтығысқан
2024 жылдың 2 желтоқсанында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала ақпарат бойынша, 32 жастағы Nissan Teana көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Beiben жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қауіпсіз қашықтықты ескерудің маңыздылығын тағы да еске салады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 17 жастағы хоккейші матч кезінде қайтыс болды