17 жастағы хоккейші матч кезінде қайтыс болды
gerhard crous/unsplash.com/
Хоккейші ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер оның жаны үзілгенін анықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
17 жасар хоккейші Коннор Касин АҚШ-та қайырымдылық матчында қайтыс болды. Спортшы матч кезінде есін жоғалтып, мұзға құлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, «Лонг-Айленд Шаркс» жастар құрамасының ойыншысы матч арасындағы үзіліс кезінде есін жоғалтқан.
Матч оның өткен жылы жол апатынан қайтыс болған сыныптасы Сабрина Навареттиді еске алуға арналған болатын.
Көрермендер мұзға жүгіріп шығып, дәрігерлер келгенше спортшыға көмектесуге тырысқан.
Хоккейші ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер оның жаны үзілгенін анықтаған.
Әзірге өлімнің себебі анықталған жоқ.
Оқи отырыңыз: Тұмау маусымында қандай жемістерді көбірек жеген дұрыс
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37