Almaty Superski: аспалы жолдардың құрылысына шетелдік сарапшылар тартылды
Almaty Superski жобасының күрделі инженерлік желілерін жүргізуге шетелдік тәжірибелі сарапшылар тартылған. Бұл туралы «Kazakh Tourism Development» компаниясының атқарушы директоры Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, жоба аясында құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңі басталған. Францияның POMA компаниясы 11 аспалы жолдың іргетасын қалау үшін қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Жобаның белсенді кезеңінде күрделі инженерлік-құрылыс жұмыстары атқарылады. Аспалы жолдарды салу үшін әлемнің жетекші компаниялары арасында байқау өткіздік. Олар жұмыстарды қазақстандық компаниялармен бірлесіп жүргізеді. Мысалы, Францияның POMA компаниясы болат құрылымдардың 30 пайызына дейінгі бөлігін елімізде өндіруге міндеттелді», – деді «Kazakh Tourism Development» компаниясының атқарушы директоры Ержан Еркінбаев.