Алматы-Талдықорған арасында көлік қозғалысына уақытша өзгеріс енгізілді

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Жол құрылысына қатысты осындай шешім қабылданып, қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы-Талдықорған» арасында көлік қозғалысына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Енді Талдықорғаннан Алматыға қарай шыққандар Мұқыры ауылы арқылы өтетін айналма жолмен жүреді. Ал мегаполистен Талдықорғанға бағыт алған жолаушылар негізгі автомагистральмен қатынайды. Жол құрылысына қатысты осындай шешім қабылданып, қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр.

«Талдықорған қаласы айналма жолында 500 жарықтандыру тіректері, Қызылтоған елдімекенінде 200 жарықтандыру тіректері және Сарыөзек елдімекенінде 200 жарықтандыру тіректері орнатылады. Сонымен қатар диформациялық жіктер көпірлердегі ауыстырылып, жолды таңбалау термопластикпен таңбалау жүргізіледі», –  деді «Қазавтожол» ҰК ОФ директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ормандарында қосымша 300-ден астам бекет қойылады

Новости партнеров