Алматы тауларында 170-ке жуық қар көшкіні қаупі жоғары учаске бар. Қауіп әсіресе, көктем мезгіліндегі арта түседі. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таулы және қар қалың түскен аймақтарда апаттың алдын алу жұмыстарын күшейтіп, тұрақты бақылау жүргізіп жатыр. Көшкін қаупі күшейген тұста тұрғындар нені ескеруі керек? Қарды профилактикалық түсіру жұмыстары қалай жасалады?
Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алмас Құрманов жауап берді.
– Алмас мырза, мегаполис тауларында қар көшкіні қаупі қаншалықты жоғары? Қай шатқалда қауіп басым
«Көктем мезгілінің келуімен күннің жылынуына байланысты Алматы қаласының қар көшкіні қаупі тұрақты болып тұр. Таулы аймақта 165-тен астам қар көшкіні қаупі бар учаске анықталған. Оның 18учакеге Алматы қаласының ТЖД мен ТЖМ-нің өңірлік мекемелері бақылау мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Қар жамылғылары таулы аймақта ылғалданып, еріп тұрақысыз күйге айналуда. Сол себепті әрбір уақытта қардың көшу қаупі өте жоғары».
– Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан апаттың алдын алу үшін қандай нақты жұмыстар жүргізіп жатыр? Қауіпті учаскелерде профилактикалық шаралар қалай ұйымдастырылған?
«Қар көшкіні қаупі жағдайы таулы аймақта «Қазгидромет», «Қазселденқорғау» мекемелерінің қар жамылғысын тексеру пунктерінде бақылау жүргізіледі. Бұдан бөлек, ТЖД тарапынан жыл сайын қарды қолдан профилактикалық түсіру жұмыстарын жүргізудеміз. Биыл қауіпті кезеңде 59 профилактикалық қар көшкін жұмыстарын жүргіздік. Бұл жұмыстар қаламыздың халқы мен туристерін тау-шаңғы курорттарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Министрліктің әуе борттарын қолданып және басқа да замануи құрылғыларды қолдандық. Алдағы жылдары жаһандық цифрландыру саясаты аясында Алматы қаласында алғаш рет қар көшкіні қаупін автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйесін енгізу жоспарда бар. Бұл жоспар бүкіл әлемдік стандарттарға сай және қар көшкінін Алматы қаласында тұрақты және өз уақытында жүргізу керек деп ойлаймын. Одан бөлек, ай сайын аэровизуалды шолу жұмыстары және жерден тексеру жұмыстарын қызметкерлер атқаруда».
– Демалыс күндері тауға шығатын тұрғындар мен туристер қандай қауіпсіздік ережелерін ескеруі қажет?
«Әрине бүгінгі таңда тұрғындар демалыс күндері тауға көп шығады.Таулы аймақтарда қар көшкіні қауіпі сәуір айының соңына дейін сақталады. Сол себепті «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маңында және Үлкен Алматы көліне апаратын жолда ТЖД-дан екі блок бекет қойылған. Сондықтан тексерілмеген, қиын жерде орналасқан тауларға шығуға рұқсат берілмейді. Тауға шыққан жағдайда үнемі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Әрқашан ТЖД-нің смс хабарламаларына, сайттарда бірелген барлық дауылды ескертуіне мән беру қажет. Қандай да бір жағдай орын алған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет».
Оқи отырыңыз: Алматыда «Қазақстанда жасалған» деген жалған таңбамен сатылған тауар жойылды