Алматы тауында құтқарушылар зардап шеккен туристке көмек көрсетті

24.02.2026 16:24

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты жоспарлап, ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды еске салады

ТЖМ ресми телеграм каналы

Үлкен Алматы көлдеріне қарай құбыр бойымен көтеріліп бара жатқан екі қыздың бірі, жол барысында аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты. Мамандар зардап шегушіге жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудан төмен түсірді.

Тау баурайында оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп алып, Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.

ТЖМ тауға шығар алдында бағытты жоспарлап, ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды еске салады.

Оқи отырыңыз: Мектептегі әлімжеттікпен жасанды интеллект күреспек