Референдумға дейін:
17
күн
0
сағат
15
минут

Мектептегі әлімжеттікпен жасанды интеллект күреспек

Платформа жинақталған аналитикалық деректерді шифрлап, мектеп әкімшілігі мен құқық қорғау органдарына жедел жолдай алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектептегі әлімжеттікпен енді жасанды интеллект күреспек. Биыл қаңтар айында елімізде буллингке қатысты 48 жағдай тіркелген. Мәселенің алдын алу үшін түркістандық жас ғалымдар бірегей цифрлық платформаны іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектеп қабырғасындағы қысым мен кибербуллинг – қазіргі қоғамның дерті. Өткен жылы еліміз бойынша 200-ге жуық осындай дерек тіркелген. Бұл – тек ресми мәлімет. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін түркістандық мамандар арнайы платформа әзірледі. Жасанды интеллектке негізделген алгоритмдер оқушылар арасындағы қарым-қатынасты саралап, қауіп төнген сәтте дабыл қағады.

«Жобаның негізгі мақсаты – буллингке қарсы күрес. Суицид, буллинг, бұзақылық бар, көрсеткіштерін білесіз. Ең қиыны мектеп оқушылары ойын айта алмайды. Мұғалімге айтса, репутациясы нашарлайды. Біздің мақсат – оқушылар ойын емін-еркін жеткізуге мүмкіндік алатын орта қалыптастыру», – деді жоба жетекшісі Абылайхан Тастанбеков.

Жүйенің басты артықшылығы – құпиялылық. Жеке мәліметтер жарияланбайды, тек қауіп деңгейі анықталады. Платформа жинақталған аналитикалық деректерді шифрлап, мектеп әкімшілігі мен құқық қорғау органдарына жедел жолдай алады.

«Бұл платформа бойынша кез келген жағдай ашық өтеді. Өздерінің ойын жазады. Ойын жасыру, мынандай жағдай мектепте болды деп ойламаймын», – деді  № 28 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарина Қалымбетова.

Мамандар жаңа жүйе оқушылар арасындағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететініне сенім білдіріп отыр. Қазіргі таңда жоба Түркістан облысында пилоттық режимде сынақтан өтуде. Егер нәтиже сәтті болса, жасанды интеллект көмекшісі еліміздің барлық білім беру ошағына енгізілмек.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында тағы бес ауыл ішімдіктен бас тартты

Новости партнеров