Әдетте Алатау бәйшешегі наурыз-сәуірде ғана гүлдейтін
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Парктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әдетте бұл эндемикалық түр наурыз-сәуірде ғана гүлдейді.
«Биылғы ауа райының тұрақсыздығы мен жылынуы өсімдіктің ерте гүлдеуіне әсер етті», - делінген хабарламада.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі сирек кездесетін бұл құбылысты бақылап отыр.
«Туристер мен табиғат сүйер қауымға ескерту: өсімдіктерді жұлмаңыз, таптамаңыз және олардың табиғи ортасын сақтаңыз. Сирек түрлерді қорғау – баршамыздың міндетіміз!» - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті