Алматы тауларында турист жарақат алды

21.07.2025 09:00

Оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді

стоп кадр

«109» құтқарушылары Іле Алатауы Ұлттық паркінде жарақат алған сингапурлық туристі құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар сингапурлық әйелді эвакуациялады.

Алматы қаласының құтқару қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, турист әйел ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған. Оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.

Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды. 

Оқи отырыңыз: Индонезияда бортында 280 адамы бар паром өртенді