Индонезияда бортында 280 адамы бар паром өртенді

стоп кадр
стоп кадр

Аталмыш оқиға кезінде 3 адам қаза тапқан.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында бортында 280-ге жуық адам болған жолаушылар паромы өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Сулавеси іздеу-құтқару агенттігінің (SAR) мәліметінше, Барселона паромындағы өрт Манадодан 60 шақырым жерде болған. Дүрбелеңге түскен адамдар құтқару үшін суға секірген. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, аталмыш оқиға кезінде 3 адам қаза тапқан. 150-ге жуық адам құтқарылды. Жолаушылардың толық тізімі әлі жарияланған жоқ. 

Негізінен Барселона паромы провинцияның ең көп жүк тасымалдау бағыттарының біріне қызмет көрсетеді. 

Айта кетейік, Манадо портында аман қалғандарға көмек көрсету мақсатында уақытша баспана салынды. 

Оқи отырыңыз: БҚО-да 1 300-ден астам адам жануарлардан зардап шекті

Новости партнеров