Алматы жастары Президент Жолдауындағы бастамаларды қолдайды

Жастар цифрлық жаңғыруды жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам деп бағалайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық жастар Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамаларды қолдайды. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, халықтық құрылыс пен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану мәселелері көпшіліктің көңілінен шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала тұрғындарының пікірінше, бұл бастамалар халықтың әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, елдің технологиялық дамуына тың серпін бермек.

Жастар цифрлық жаңғыруды жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам деп бағалайды:

«Жолдаудың ең ұнаған тұсы – инфрақұрылым мен жалақы мәселесінің көтерілуі. Қазіргі таңда балабақшалар мен ауруханаларда орын жетіспеушілігі өткір тұрған күрделі мәселе ғой. Президентіміздің осы түйткілдерді айтқанын толық қолдаймын. Сонымен қатар жалақы мәселесі де өзекті. Әсіресе, жастарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларды қолдаймын», – деді қала тұрғыны Фатима Самаева.

«Жасанды интеллект көп нәрсеге көмектеседі. Бүгінде барлық қажетті мәліметті осы жүйе арқылы жылдам тауып, жұмысымызды жеңілдетіп жатырмыз», – деді қала тұрғыны Елдана Маратқызы.

«Негізі дәрігерлер мен мұғалімдер – ең маңызды мамандықтардың бірі. Сондықтан бұл сала мамандарының жалақысын тағы да көтеру керек деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Ұлбике Қали.

Оқи отырыңыз: Жеңімпаз ұлт: Банан қабығынан су тазартатын құрылғы жасаған жас ғалым әлем чемпионы атанды