Алматыда 10 энергетикалық жоба іске асырылады

Ұлттық жоба шеңберінде конкурстық рәсімдерді қарау және бағалау жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» аясында 10 жоба іске асырылады. Бұл туралы қалалық электр энергетикасы және сыртқы жарықтандыру бөлімінің басшысы Диас Оралбай мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ол қазір Ұлттық жоба шеңберінде конкурстық рәсімдерді қарау және бағалау жүргізіліп жатқанын айтты. Оған қант зауыты, Қоянкөз желілерінің кірісін салу және Smard Grid технологиясын енгізу, Байсерке қосалқы стансасын реконструкциялау кіреді. Бұдан бөлек, жоспар бойынша жылу жүйелерін жөндеу мәселесі де шет қалмаған.

«Алматы жылу жүйесі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыруда. Қайта жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 2,1 шақырым. Соңғы жоба – Алматы электр станциялары «Алматы ЖЭО-2»" жылу магистралын реконструкциялау. Ол 2030 жылға дейін 7 кезеңмен іске асыру көзделген», – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бөлімінің басшысы Диас Оралбай.

Оқи отырыңыз: Food and Travel Алматының гастрономиялық әлеуетін зерттеп жатыр