Алматыда 2 есірткі зертханасы мен ірі қойма жойылды

12.06.2025 10:00

Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды

ҰҚК

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды. Оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады