TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты тергеу аяқталды

12.06.2025 10:38

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды

Solen Feyissa/unsplash.com/

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы құмар ойын өткізген екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.

«Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңге», - деп хабарлайды ҚМА.

Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот біреуін бір жарым жылға соттаса, екіншісі 2 жарым жылға бостандығынан шектелді», - деп хабарлайды ҚМА.

Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2 есірткі зертханасы мен ірі қойма жойылды