Алматыда 2025-2026 оқу жылында 37 білім беру нысаны салынды

Almaty.tv
Almaty.tv

Жауапты басқарма өкілдерінің мәліметінше, мегаполис мектептері толықтай интернетпен қамтылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2025-2026 оқу жылында 37 білім беру нысаны салынған. Оның 20-сы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында, ал екеуі жергілікті бюджет есебінен бой көтерген. «Келешек мектептерінің» бүгінде 13-і жұмыс істеп тұр. Қалған 7 жайлы мектептегі жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Ал соңғы екі жылда шаһарда жалпы саны 22 оқу ордасы есігін ашқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жыл басынан бері шаһарда 2 жаңа оқу ордасы бой көтеріп, білім мекемелері 2 жарым мыңға жуық астам баланы қамтыды. Сала мамандарының ақпарынша, мегаполисте жыл сайын оқушылар саны 10-13 мыңға артады. Сондықтан оқу орны тапшылығы мәселесін жою қала әкімінің тікелей бақылауында. 

Ескі мектептерді жаңғырту мәселесі де қала билігінің назарында. 2025-2027 жылдары шаһардағы 31 білім мекемесі заманға сай өзгеруі тиіс. Әуелі жаңа ғимараттар салынып, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында сыныптар тың технологиялармен жабдықталады.

«18 мектепте жоба жасалынып жатса, 13 мектепте құрылыс жүріп жатыр, 2 мектеп жөнделді. Оның ішінде сүріліп жасалатын мектептер бар және жай ремонт жүріп немесе толыққанды жөнделеді.Бұл –  Алматы қаласының мектептерін қайта жаңғырту және үйлестіру үшін, «Жайлы мектептерді» тепе-теңдікке келтіру үшін жасалып жатқан бағдарлама», – деді Білім басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің басшысы Есбол Ибраимов.

Жауапты басқарма өкілдерінің мәліметінше, мегаполис мектептері толықтай интернетпен қамтылған. Сондай-ақ «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында бірқатар бастама іске асып жатыр. Білім басқармасы өкілдерінің ақпарынша, Алатау ауданындағы 5 мектепте қазір бейнесараптау жүйесі пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, шаһар мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасы, буллинге қарсы «DosbolLIKE» жобасы нәтижелі іске асып жатыр.

«Alaqan» биометриялық жүйесі оқушылардың мектепке кіріп-шығуын алақан іздері арқылы бақылап, асханадан тамақтану процесін де тиімді қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, оқу процесін оңтайландырады»,– деді № 223 жалпы білім беретін мектептің директоры Жеңісгүл Сатаева.

Сала мамандары 2030 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 105 мың орынды құрайтын 69 мектеп салу жоспарланғанын айтты. Бұл ауқымды жұмыс қала мектептерін толығымен бір ауысымды оқыту форматына көшіруге мүмкіндік бермек. Бұған қоса, білім басқармасы өкілдерінің сөзінше, 2025 оқу ордаларын салу қарқыны бойынша рекордтық жыл болыпты. Мегаполисте 37 нысан ашылған, олардың қатарында мектептен бөлек, балабақша, колледж бен қосымша білім беретін 2 орталық бой көтерген.

Гүлмарал Изатқызы, Мақсат Күнібек

Оқи отырыңыз: Кім қайда оқиды: алматылық түлектер әлемнің жетекші университеттерінен шақырту алды

Новости партнеров