Алматыда 50-ден астам адам уланған вагон иесі жауапқа тартылады - министрлік

24.04.2026 18:31

Пойыздағы түсірілім кезінде 50-ден аса адам уланып, екі бала жансақтау бөліміне жатқызылды

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде 50-ден астам адамның газдан улануына байланысты вагон иелері жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның сөзінше, фильм түсіріп жатқан компания жекеменшікке тиесілі вагонмен келісім жасаған. Оның іші суық болғандықтан, олар көмірқышқыл газын бөлетін жылыту жүйесін орнатқан көрінеді. Министр қазір тергеу аяқталуға жақын қалғанын, ешкім жауаптан жалтармайтынын жеткізді.

 Еске сала кетейін, былтыр желтоқсанда Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде 50-ден аса адам уланып, екі бала жансақтау бөліміне жатқызылды.  

«Қазір тергеу аяқталуға жақын. Вагон иелері қатаң жауапқа тартылады. Бұл жерде нақты заңбұзушылық бар, бірақ бәрін заң аясында дәлелдеу керек. Аталған вагонды пайдалануға тыйым салынды», – деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Оқи отрыңыз: Қарағандыда көлік ішінен әйел адамның денесі табылды