Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды
Қарағандыда автокөлік салонынан 34 жастағы әйел өлі табылды. Оның денесінде пышақ жарақаты болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдің мәйіті Төлепов көшесіндегі көліктің ішінен табылған. Марқұмның таныстары оның артында екі баласы қалғанын айтты. Олардың айтуынша, әйел риэлторлық қызметпен айналысқан және жақсы тұрған.
"Ол жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеді, табысы жақсы болды, өз күнін өзі көретін. Оны танитындардың бәрі есеңгіреп қалды", - деді танысы.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз.
Полицияның нақтылауы бойынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Оқи отырыңыз: VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті