Іс-шара Жаңару күніне орай өткізіліп отыр
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 500 студент «Ерке сылқым» күйін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Күй күмбірі» акциясына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастары қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнымен қоса, жастар көрермендермен өзара байланыс орнатып, ұлттық өнерді дамыту мен дәріптеу бағытында мазмұнды пікір алмасты.
Айта кетейік, іс-шара Жаңару күніне орай өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай бастама патриоттық рухты нығайтып, мәдени мұраны сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған.
«Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім бөлімі яғни, колледждермен, қалалық «Жастар рухы» ЖҚ бірлесе отырып, ұйымдастырылып отыр. Шаһардағы 88-ден аса колледжден 500-ден аса студент ықылас білдіріп, Наурызнама аясында «Күй күмбірі» акциясына белсене қатысты», – деді колледж директорының орынбасары Айдар Күнтубай.
Оқи отырыңыз: Наурызнама: қолөнер шеберлері заманауи үлгідегі ұлттық киімдерге сұраныс артқанын айтты