Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылған.
"Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл-жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы - жұмысымыздың басты қағидаларының бірі", — деді Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды