Алматыда Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярд турнирі өтті

Сайысқа саяси ұйым өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен белгілі журналистер қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске түсіруге арналған бильярд турнирі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Дәстүрлі іс-шараны «Ақ жол» партиясы ұйымдастырды. Сайысқа саяси ұйым өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен белгілі журналистер қатысты. Барлығы 10 команда бақ сынап, 30-ға жуық спортшы өнер көрсетті.  

«Ақ жол» партиясы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнирді жыл сайын өткізеді. Ол өте танымал спорт журналисі болды және мыңдаған жастың спортпен айналысуына, секцияларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен жігер берді», - деді «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Ойын барысында қатысушылар белгілі спорт журналисі жайлы естелік айтып, марқұмның ұлына сыйлық тарту етті. Сонымен бірге, партия атынан жеңімпаздар мен белсенді ойыншылар да марапатталды. Тартысты турнир нәтижесінде «Шалқар радиосы» командасы жеңімпаз атанып, «Тележурналист» командасы күміс медаль иеленді. Ал қола жүлдеге «Жазушылар одағы» командасы қол жеткізді.  

«Ақпарат қызметкерлеріне ауызбіршілік керек, ортақ мүдде болуы керек. Әр телеарна, радио, газет-журналдар жеке-жеке жұмысі степ жүргенде, олар тығыз араласа алмайды. Ал осындай спорт жарыстары, ортақ ойындары журналистерді біріктіреді», - деді журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай.

Оқи отырыңыз: Авторлық құқық және цифрлық дәуір: Алматыда халықаралық конференция өтті

Новости партнеров