"Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы аясында зияткерлік меншікке қатысты жиын өтті
Бүгін Алматыда зияткерлік меншікті қорғаудың осы заманға сай тәсілдерін талқылауға бағытталған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Маңызды басқосуға бес елдің өкілдері мен сала сарапшылары қатысып, цифрлық трансформация дәуірінде авторлық құқықты сақтаудың тиімді жолын айтты. Жасанды жадының әсерін де сөз еткен мамандар өзара тәжірибе алмасты.
Атап өтер жайт, жиын «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясының аясында ұйымдастырылды. Ресейдің Мәскеу қаласында басталған іс-шаралар легі шілде айының 22-іне дейін жалғаспақ.
«Бүгінгі конференцияның қорытындысы мен нәтижесі 22 шілдеде Душанбе қаласында өтетін Орталық Азиядағы халықаралық экономикалық форумда жарияланады. Барлығын егжей-тегжейлі талқылаймыз. Экспедициямыз да сол уақытта аяқталады. Біз туристік аймақтарды аралап қана қоймай, осындай іскерлік кездесулерді де ұйымдастырып отырамыз», - деді «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ислам Назарәлиев.
Оқи отырыңыз: Елімізде медициналық көмекті төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылады