Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты
Алматы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында NAIZA 85 аралас жекпе-жек турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақта Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық реванш болмақ. Олардың NAIZA 83 турниріндегі алдыңғы кездесуі Саясатовтың дисквалификациялануымен аяқталған еді.
Сондай-ақ жеңіл салмақтағы чемпион Жансерік Жақсығұлұлы Мири Садыговқа қарсы чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. NAIZA 85 кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және аралас жекпе-жектің өзге де өкілдері өнер көрсетеді.
Турнир қарсаңында баспасөз конференциясы, ашық жаттығу және көз арбасу рәсімдері өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады