Мамандардың айтуынша, бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады
Жыл басынан бері Алматы қаласында 146 жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде 100 әкімшілік хаттама толтырылған. Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, рұқсат етілген шамадан тыс жүк тасымалдаған жүргізушілерге 51 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы инспекторлармен бірлесіп тексерулер жүргізуде. Мекеменің инженері Досжан Сұрапбергенов ауыр жүк көліктерінің жолдарға тигізетін кері әсерін атап өтті.
«Ауыр жүк көліктері рұқсат етілген шамадан артық жүкпен жүргенде жол жабыны тез бұзылады. Шұңқырлар пайда болып, асфальттың сапасы нашарлайды. Сондықтан мұндай тексерулерді жиі өткізу — жолдың ұзақ уақытқа шыдамды болуына мүмкіндік береді», – дейді инженер.
Мамандардың айтуынша, бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытаймен арадағы теміржол жүгін өткізу қабілетін 25 миллион тоннаға арттырмақ