Алматыда автокөлік сатумен айналысатын жаңа орталық ашылды

Жаңа орталықта әртүрлі санаттағы жеңіл автокөліктер ұсынылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда автокөлік сатумен айналысатын жаңа орталық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін салтанатты ашылу рәсімі өткен нысан – қаладағы іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған жобаның бірі. Жаңа орталықта әртүрлі санаттағы жеңіл автокөліктер ұсынылған.

Айта кетейік, ондағы темір тұлпарлар ел ішінде құрастырылады. Сәйкесінше, жоба отандық өндірісті дамытып, халықаралық серіктестіктің аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Одан бөлек, орталықтың ашылуы жаңа жұмыс орындарын құрып, қызмет көрсету және логистика салаларының дамуына серпін береді. Салтанатты жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Шанхай қаласының мэрі және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы қатысып, лента қию рәсімін өткізді.

«Біздің диллерлік орталық 4 түрлі көлік маркасын ұсынады. Жылына 5 мыңға жуық автокөлік сатамыз. Енді жаңадан тағы бір автомобиль түрі қосылып жатыр. Оның да көпшілік арасында сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Бағасы да қолжетімді», деді диллерлік орталықтың бас директоры Эльдар Мерзлов.

«Қазір көліктің 4 моделін ұсынып отырмыз. Бірақ әлі де жұмысты жалғастырып, биылдың өзінде тағы 2 түрін қосамыз деген жоспар бар. Ол гибридті, электрлі көліктер болуы мүмкін. Жалпы 10 модельге жеткізуді ойлап отырмыз», деді дистрибьюцияның бас директоры Азамат Алқан.

Оқи отырыңыз: Рөлге мас күйде отырғандар: Алматыда жүздеген дерек тіркелді

 

 

Новости партнеров