Шараға қатысушыларға жаңа кітап сыйға тартылды
Баспагер, AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай Алексей Макшеевтің «Путешествия по казахским степям и Туркестанскому краю» кітабының жарық көруіне орай БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл еңбек қазақ халқының тарихына қатысты зерттеулермен танылған «Таза тарих» сериясының аясында шығып отыр. Шараға қатысушыларға жаңа кітап сыйға тартылды.
Алексей Макшеевтің бұл еңбегі — XIX ғасырдағы қазақ даласы мен Түркістан өңірін зерттеуге арналған маңызды тарихи дереккөз. Генераллейтенант, әскери топограф ретінде ол 1848, 1851 және 1853 жылдары осы аймақтарға жасаған экспедициялары барысында көрген-білгенін егжейтегжейлі сипаттайды. Еңбекте Ресей империясының шекаралық кеңістікті игеру үдерісі, әскери бекіністердің салынуы, әскерді жабдықтау, әскери жорықтар мен қазақ халқымен орнаған қарым-қатынас кеңінен қамтылған.
Кітаптың өзегінде — 1853 жылы Ақмешіт қамалына жасалған шабуыл туралы баяндау тұр. Макшеев бұл оқиғаның әскери мәнін ғана емес, оның Ресейдің Орта Азияға қарай жылжуы жолындағы стратегиялық маңызын да жан- жақты сипаттайды. Сонымен қатар, еңбекте өңірдің географиясы, климаты, экономикасы мен этнографиясына қатысты құнды мәліметтер келтірілген.
Бұл кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған Ordamed компаниясы мен оның жетекшісі Еркін Длімбетов мырза. AmalBooks баспасы және «Таза тарих» сериясы туралы: AmalBooks баспасының негізін 2016 жылы Бақытжан Бұқарбай қалаған. Баспа нон-фикшн, бизнес-әдебиет және тарихи еңбектерді басып шығарады.
«Таза тарих» сериясының негізі 2021 жылы қаланған, бұрын жарияланбаған архивтегі материалдарды жарыққа шығарып, Қазақстан тарихына қатысты маңызды дереккөздерді қайта ұсынумен танымал. Әзірге 16 кітап жарық көрді.
Оқи отырыңыз: Ақша көкке ұшты: Шымкентте ағаштар қурап қалды