Мақсат – мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі шығармашылық жұмыстардың маңызын арттыру
«Әнім де саған, жырым да саған, туған ел!» Балалар шығармашылығына арналған республикалық фестивальге биыл – 10 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы уақыт аралығында аталған ауқымды іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жыл сайын мыңнан астам бала қатысып, өнерін ортаға салды. Балабақшадан келетін қатысушылар ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және сурет салу аталымдары бойынша бақ сынады. Алматыда фестивальдің 10 жылдығына арналған республикалық байқаудың қорытынды кеші өтті. Мақсат – мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі шығармашылық жұмыстардың маңызын арттыру.
«Біз жылына кем дегенде талантты 10-15 бала тәрбиелеп отырмыз. «мыңнан түлпар» атанған олар музыкалық мектептерде оқып жатыр. Он жыл бұрын қатысқан балаларымыз республикалық олимпиадаларға қатысып отыр», – деді фестивальдің демеушісі Күләнда Уәлиханова.
«Біріншіден, балалар көпшіліктің алдында сөйлеу, өнерін көрсету дағдысын дамытады. Балалардың болашақта софт-скиллс, жұмсақ дағдыларын көтеруге үлкен септігін тигізеді. Бағалау критерийлері жасалып, алдын-ала ережелермен бірге жарияланған. Қазылар алқасы критерийлерге сүйеніп, бағалау жұмысын жүргізеді», –деді қазылар алқасының мүшесі Нұрбек Жанғабоев.
Оқи отырыңыз: Дауыл салдары: Қарағандыда тұрғын үйлердің шатыры бүлінді