Алматыда балаларға арналған патронаж қызметі жүйесі жетілдірілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Тәжірибе алмасуға және нақты елдік іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге ерекше назар аударылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ өңірлік офисінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлесуімен ұйымдастырылған «Бағалаудан әрекетке» атты патронаж қызметі жүйелерін нығайту жөніндегі субөңірлік кеңес өтті, -  деп хабарлайды Almaty.tv. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңестің мақсаты – ерте шақтағы балалардың денсаулығын, дамуын және әл-ауқатын қамтамасыз ететін  медициналық-санитариялық алғашқы көмектің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын үйде патронаждық қызмет көрсету жүйелерін нығайту және тұрақты дамыту бойынша шараларды талқылау және әзірлеу болды. Балалары бар отбасылардағы медициналық-әлеуметтік қауіптерді анықтау үшін елімізде патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі бойынша 4 мың мейіргер жұмыс істейді.

ЮНИСЕФ-тің техникалық қолдауының арқасында 36 жаттықтырушы даярланып, 2,5 мың мейіргер оқытылды, патронаждық мейіргер үшін жеке штат бірлігі бөлінді. GPS-навигация және фотофиксация мүмкіндігі бар патронаж есебі цифрландырылып, қызметтің есептік нысандарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда.

Нәтижесінде патронаждық бақылаумен қамту және оның сапасы жақсарды, бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылдың 36%-ға артуына, үй жағдайындағы өлімнің 22%-ға төмендеуіне және балалардың стационарларға кеш жатқызылуының 5%-ға азаюына ықпал етті.

Қатысушылар патронаждың әмбебап-прогрессивті моделін енгізу тәжірибесін ұсынып, алынған сабақтармен бөлісті және ЮНИСЕФ-тің бірыңғай әдіснамасы бойынша жүргізілген патронаж қызметі жүйелерін бағалау нәтижелерін талдады. Тәжірибе алмасуға және нақты елдік іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Қазақстанның практикалық тәжірибесімен танысу мақсатында қатысушылар Алматы қаласындағы №36 емханаға барып, ерте шақтағы балаларға арналған қызметтердің толық спектрімен танысты: патронаж мейіргерлерінің жұмысы, ерте даму және араласу орталығы, педиатрлардың кеңестері, сондай-ақ баланың денсаулығы мен дамуына қатысты мәселелер немесе қауіптер анықталған жағдайда қосылатын мультидисциплинарлық командалардың қызметі көрсетілді.

Іс-шараға Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб ханым, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік офисінің денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік кеңесшісі Габриэле Фонтана мырза, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, ЮНИСЕФ мамандары және ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы ұлттық сарапшылар қатысты.

Оқи отырыңыз: Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Новости партнеров