Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталды

12.05.2025 14:11

Күдікті банк ғимаратында терезе арқылы кірген

стоп кадр

Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті банк ғимаратына терезе арқылы кірген.

Алматы полициясының мәліметінше, оқиға түнде болған. 32 жастағы ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға кірмек болған, алайда брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген қаскөй оқиға орнынан кетіп қалған.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды.

"Біз жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданамыз. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1985 жылы салынған су құбырын жаңғырту жұмыстары аяқталды