№191 жалпы білім беретін мектеп 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Алматыда ғасырлық тарихы бар Ғабиден Мұстафин атындағы №191 жалпы білім беретін мектеп 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Салтанатты шара аясында қазақ әдебиетінің классигі Ғабиден Мұстафин атындағы мұражай ашылып, мектептің қалыптасу кезеңдері мен жетістіктерін қамтитын арнайы көрме ұйымдастырылды. Оған білім саласының өкілдері, аудан басшылығы, мектеп директорлары мен ардагер ұстаздар қатысты. Жиналғандардың сөзінше, білім ордасының негізі 1926 жылы қаланған. О баста төрт сыныпты мектеп болған. Ал бүгінде мыңнан астам оқушы заманауи талапқа сай жасақталған мекемеде білім алып жатыр.
«Бұл – XX ғасырдың басында бастау алған тарихи тереңде жатқан мектеп. Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ білім ордасымен мақтанады деп толық сенемін. Мектептің даму жоспарында цифрландыруды дамыту, оқу процессіне жасанды интеллектіні және цифрлық технологияны ұштастырып оқудың инновациялық әдістерін енгізу бар. Ал екінші мақсатымыз – инклюзитвті білім беруді дамыту. Әрбір балаға сапалы әрі терең мүмкіндіктер беру», – деді Ғ.Мұстафин атындағы № 191 жалпы білім беретін мектебінің директоры Бақытнұр Өтепбекова.
Оқи отырыңыз: Үнемдеу мәдениеті: Алматыда жастар арасында интерактивті тренинг өтті