Референдумға дейін:
14
күн
20
сағат
27
минут

Алматыда био-қоқыс жәшіктері орнатылып жатыр

Жыл басынан бері қаланы ластап, қоқысты бейберекет тастаған 900-ге жуық адам жауапқа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері қаланы ластап, қоқысты бейберекет тастаған 900-ге жуық адам жауапқа тартылды. Тазалық талабын сақтамаған 712 тұрғынға айыппұл салынса, 200-дей жанға ескерту жасалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Мегаполисте жыл сайын 450 мың тоннадан астам қоқыс шығарылады. Оның басым бөлігі сұрыпталмай полигондарға жөнелтіледі. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіріп, топырақ пен ауаның ластануына әсер ететін негізгі фактор. Экологиялық қауіпті азайтып, су мен жерге қалдықтар сіңбеу үшін мамандар қоқыс төгу мәдениетін күшейтуді назарға алып отыр. Осы мақсатта қалада арнайы конкурс жарияланып, жаңа үлгідегі био-қоқыс жәшіктері орнатылуда. Әсіресе, халық тығыз орналасқан аудандарда ескі қоқыс алаңдар жаңғыртылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін орындар ретке келтірілуде.     

«Қала бойынша жәшіктер орнатылып жатыр. Мердігермен келісімшарт бар. Медігерге 31 наурызға дейін уақыт берілді», – деді Әуезов ауданы Экология бөлімінің бас маманы Еркебұлан Нысанбеков.

Жаңа үлгідегі био-қоқысқа арналған контейнерлердің артықшылығы көп. Онда ас қалдықтары мен органикалық заттар топыраққа сіңбей, сұйық қалдықтар жерге төгілмейді. Кейін олар өңдеуге жіберіліп, қара жерге пайдалы тыңайтқышқа айналуы мүмкін. Дегенмен, мәселе тек жәшік санымен шектелмейді. Мамандар қоқысты сұрыптауға баса назар аудару керек екенін айтып отыр.

«Қалада қоқыс жәшігінің бірнеше түрі болған. Темірден, пластиктен, бәрі шіріп, тез тозығы жетті. Сондықтан әкімдік тарапынан жаңа контейнерлер түрі шығарылды. Онда қалдықтың басым бөлігі жер астында сақтайды, қоқысты жинап, алып кету тәсілі де оңтайландырылған», – деді эколог Евгений Мұхамеджанов.

Қалада қоқыстан бөлек, қыс мезгілінде қарды рұқсатсыз төгу деректері де жиілеген. Мұндай әрекет көктемде арық жүйелерінің бітеліп, су тасқыны қаупінің артуына себеп болуы ықтимал.

«Қазіргі таңда бұл мекенжай бойынша заңсыз қар жинау орны табылып отыр. Жер иесі анықталып, Табиғат қорғау полициясымен бірлесе отырып, жер иесін шақырттық. Ол кісі 505-бап бойынша жер иесінің атына әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Әуезов ауданы Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Арсен Айдынбеков.

Жыл соңына дейін қалада 354 жаңа контейнерлік алаң толық іске қосылып, 1672 жәшік орнатылады. Мамандардың айтуынша, бастама қала тазалығын едәуір жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологияға деген көзқарасын өзгертуге ықпал етеді.

Әйкерім Пернебек, Думан Дәулетбақұлы

Оқи отырыңыз: Ақтаулықтар бірнеше айдан бері газсыз отыр

Новости партнеров