Алматыда бір жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізушілерге ерекше құрмет көрсетілді. Олар бір жылдық КАСКО сақтандыру сертификатына ие болды. Мұндай марапат еліміздің тағы бес қаласында Астана, Семей, Атырау, Тараз және Шымкентте де табысталды. Жоба еліміздің Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Жол қозғалысы ережесін бұзбаған жүргізушілерді анықтау процесі қалай жүзеге асты? Алматыда қанша жүргізуші сертификат иеленді? Осы және өзге де да сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жауап береді.
– Салтанат Қуанышбекқызы, жол ережесін мүлдем бұзбаған азаматтарды қалай анықтадыңыздар?
«Акция – тек Алматы шеңберінде емес, Қазақстан аумағында өткізілген ауқымды іс-шара. Жол жүру ережесін мүлдем бұзбаған азаматтарды айқындау процессі автоматтандырылған жүйенің көмегімен жүзеге асырылды. Жол жүру ережелерін бұзу деректерінің 80 паййзы бейнекамералардың көмегімен анықталады. «Сергек» жүйесін талдау, зерделеу кезінде, жол жүру ережелерін мүлдем бұзбаған 10 жүргізуші белгілі болды. Адами фактор толығымен жоққа шығарылады. Бейнекамералар және автоматтандырылған жүйе ондықты ұсынды.
– Акцияны ынталандыру шаралары десек те қателеспеспіз, жиі өткізіп тұру жоспарда бар ма?
«Бұл – жаңашылдық, жақсы жоба. Азаматтарды ынталандырған сайын олардың тәртібі жақсарады. Арнайы іс-шараларды жүргізу барысында, жүргізушілерді ынталандыру, кішігірім сыйлық, алғыс хат табыстау тиімді екенін дәлелденген. Сондықтан жоба Қазақстан аумағында бірінші жыл өткізілуде. Жылдан-жылға жалғасын табатын дәстүр болады деп сенеміз».
– Жүргізушілер қандай жол ережелерін жиі бұзады? Оларды қандай жауапкершілікке тартылады?
«Жүргізушілер жол жылжамдығын асыра пайдаланады, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетеді, жол жүру белгілеріне назар аудармайды, көлікті тиісті тұраққа қоймайды. Әр адамның тәрбиесіне байланысты. Профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жиі өткіземіз. Жол жүру процессіне қатысушылар – жүргізуші, жаяу жүргінші болсын, велосипед не мопед жүргізсін, жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс».
Оқи отырыңыз: Алматыда жол жөндеу кезінде бүлінген жиектастар ғана ауыстырылады