Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр
Алматыда бопсалаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау іс-шарасын жүргізді.
Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған. Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Оқи отырыңыз: Трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді