Форумда өңірлік ынтымақтастықты нығайту, таза энергетика мен орнықты инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды
Алматыда Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының желісінің «Еуразиядағы бизнес және орнықты даму» атты өңірлік форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдірашов, Біріккен Ұлттар Ұйымының күніне орай ұйымдастырылған «Еуразиядағы бизнес және орнықты даму» Алматы өңірлік ТДМ форумына қатысып, сөз сөйледі.
Форум Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шарты желісімен ұйымдастырылған.
Өз сөзінде елші Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуде өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың, сондай-ақ таза энергетика, орнықты инфрақұрылым және халықтың әл-ауқатын арттыру салаларында мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдар арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанға үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру мәселесіне ерекше назар аударылып, оның өңірдегі тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетудегі маңызы атап өтілді.
Оқи отырыңыз: Президент қолдауы алғашқы медициналық көмек жүйесін нығайтты